Жаңалықтар

Министрлік әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша еңбек өтілі туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Министрлік әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша еңбек өтілі туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме  жасады
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 24.09.2023 05:33 647

БАҚ-та, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан зиянды жағдайларда жұмыс істеген азаматтар үшін алдағы уақытта 55 жастан бастап тағайындалатын арнайы әлеуметтік төлемдер үшін 7 жыл өтілі болу керек деген ақпарат жалған екені белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 22 қыркүйекте Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсеновадан 55 жастап бастап зиянды жағдайларда жұмыс істегені үшін арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша сауалына берген жауабы журналистердің салғырттығынан бұқаралық ақпарат құралдарда және әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын ақпарат ретінде таралып жатыр. 

БАҚ-та тараған ақпарат бойынша «Зиянды жағдайларда жұмыс істегені үшін өтілі 7 жылдан кем болмау керек» деп көрсетілген. Бұл туралы жазған журналистердің ақпараты мәселенің толыққанды білмеуінің салдары екені анықталды. 

Қазіргі таңда арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылатын шарттардың бірі ретінде жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 7 жылдан кем емес міндетті кәсіби төлемдердің болуы қарастырылған.

Бұл ретте министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерімен бірлесіп, осыған қатысты тәсілдердің қарастырылып жатқанын хабарлап отыр. 

 

 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға