Жаңалықтар

Министр Қазақстанның геологиялық саласының ардагерлерімен кездесті

Министр Қазақстанның геологиялық саласының ардагерлерімен кездесті
Фото: gov.kz 17.09.2023 20:17 390

Жиында Астанада өткен геологтардың 1-ші съезінің қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы Серікбек Даукеевпен және геология-минералогия ғылымдарының докторы, ҚР өнеркәсібінің еңбек сіңірген қызметкері, Әл-Фараби атындағы Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Еуразия" Халықаралық экономикалық академиясының корреспондент-мүшесі Балтабек Қуандықовпен кездесті.

Кездесу барысында еліміздің геологиялық саласының өзекті әрі проблемалық мәселелерін, сондай-ақ 15 қыркүйекте Астанада өткен геологтардың 1-ші съезінің қорытындылары талқыланды.

Кездесу барысында атап өтілгендей, Үкімет алдына 2026 жылға қарай геологиялық – геофизикалық зерттеу алаңын ағымдағы бір жарым миллионнан 2 миллион 200 мың шаршы шақырымға дейін жеткізу міндеті қойылды. 

Сирек кездесетін жер металдарын игерудің басымдықтарының бірі ретінде айқындау қажет, себебі олар бүкіл әлемдегі технологиялық прогресс векторын анықтайды. Өңдеу өнеркәсібі шикізатты жеткілікті көлемде және қолжетімді бағамен алуы тиіс.

Қазіргі кезеңде ең маңызды міндет - елдің берік өнеркәсіптік құрылымын қалыптастыру және экономикалық өзін-өзі қамтамасыз ету. Жаңа өнеркәсіптік саясат арқылы дамудың сапалы басқа моделіне көшу қажет.
Белгіленген реформалардың басты мақсаты - тұрақты экономикалық өсу және минералды-шикізат базасын толықтыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға