Жаңалықтар

Министр Қазақстан нарығына келетін бесінші әуе компания жайлы айтты

Министр Қазақстан нарығына келетін бесінші әуе компания жайлы айтты
Фото: primeminister.kz 11.10.2023 14:49 613

Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстан нарығына келетін бесінші әуе компаниясы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі кулуарда журналистер министрден бесінші әуе компания туралы сұрады.

Жалпы («Қазақ Эйр») сатамыз деген ой бар. Біз бірнеше компанияға ұсындық. Оның ішінде соңғы рет барғанда Въетнамда «Sovico» деген компания бар. Онымен көбірек жұмыс істеп жатырмыз, - деді министр.

Журналист «Олар келісіп отыр ма?» деп сұрады.

Ішкі нарықты зерттеп жатыр. «Виджет» деген компания бар. Ол елімізде ұшып жүр. Ол – «Лоукостер». Олардың ұшақтары өте көп. Соны тартамыз деген ой бар. Бірақ ол қазір шешілді деген мәселе емес. Оны алдын ала айтуға ерте шығар, - деп жауап берді Қарабаев.

Сонымен қатар министр депутаттардың әлеуметтік билеттерді енгізуді ұсынғанына байланысты пікір білдірді.

Қазір бұл мәселе (әлеуметтік билет енгізу мәселесі – ред.) талқыланып жатқан жоқ. Себебі бұл мәселе түбінде субсидияға барып тіреледі. Осыдан 2 жыл бұрын әуежайдың өзіне 2,5 трлн теңге субсидия бөлсек, қазір ол 8 млрд теңгеге өсті. Сондықтан ол бюджетке артық қосымша жүк болады. Бюджет біздің салық төлеушілердің есебінен құрылады, - деп түсіндірді Қарабаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға