Жаңалықтар

Министр қармен бірге еріп кететін жолдар үшін кешірім сұрады

Министр қармен бірге еріп кететін жолдар үшін кешірім сұрады
Фото: primeminister.kz 21.02.2024 16:27 532

Көлік министрі Марат Қарабаев тілшілермен әңгімелесу кезінде Алматы әуежайындағы жағдайға байланысты кешірім сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықтың, қоғамның ашу-ызасын жақсы түсініп тұрмын, қызмет көрсету мәселесіне қатысты да наразылық бар. Осы үшін кешірім сұраймыз. Шамамен 25-30 жыл бойы әуежайдың құрылысы жағынан да, оны кеңейту бойынша да ешқандай жұмыс жүргізілмеген, - деді министр.

Ведомство басшысы көктемде қармен бірге еріп кететін асфальт үшін де алдын ала кешірім сұрады.

Бұл мәселе үшін де кешірім сұраймыз. Мұндай жол бөліктерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Мемлекет заманауи жолдар салуға шынымен де көптеген қаржы бөлуде. Дегенмен бұл қаражаттың негізгі бөлігі ірі транзиттік жолдарға, яғни республикалық жолдарға жұмсалады. Ал облыс ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы жеткіліксіз, - деді Қарабаев.

Айта кетейік, Алматы әуежайының құрылысымен Түркия компаниясы айналысып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға