Жаңалықтар

Министр мектептерге қанша автобус берілгенін айтты

Министр мектептерге қанша автобус берілгенін айтты
Фото: t.me/KZgovernment 15.08.2023 10:56 605

Мектеп автопаркі 27 мың баланы тасымалдауға арналған 1 319 автобуспен қамтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олардың 515-і жоспарлы түрде жаңартылуда.

Қазіргі уақытта өңірлерге 433 автобус жеткізілді. Жыл соңына дейін тағы 75 автобус жеткізіледі. (Атырау – 23, СҚО – 19, Жамбыл – 14, Шығыс Қазақстан – 7, Жетісу – 7, Абай – 3, Алматы – 2).Тек Маңғыстау облысының әкімдігі автобустарды сатып алу рәсімін жеделдетуі қажет, - деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға