Жаңалықтар

Министр эвакуацияланған балалардың емтихандарды қалай тапсыратынын айтты

Министр эвакуацияланған балалардың емтихандарды қалай тапсыратынын айтты
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.06.2023 16:24 587

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Абай облысында болған алапат өрт салдарынан қаза болған орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бейсембаев өрт болған аумақта балалардың қауіпсіздігіне қатысты бірқатар шара қабылданғанын айтты. Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда қауіпсіз аймаққа көшірілгендердің арасында 64 бала бар. Олар Семей қаласындағы екі колледж ғимаратына орналастырылған. Қазір олармен министрліктің аумақтық департаментінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және облыстық білім басқармасының өкілдері жұмыс жүргізуде.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасына асыраушысынан айырылған отбасылармен жеке кездесіп, балалардың психологиялық кеңес алуына, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалуына барлық жағдайларды ұйымдастыру тапсырылды.

Қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған тұрғындардың арасында 64 бала бар. Бүгінде олар отбасыларымен бірге Семей қаласындағы екі колледж ғимаратына орналастырылған, - деді министр.

Бұдан бөлек эвакуацияланған 9,11 сынып түлектерінің қорытынды емтиханды кедергісіз тапсыруы үшін де қажетті жағдай жасалып жатқаны айтылды. Түлектердің мектеп бітіру емтихандары Семей қаласында өтеді.

Апат салдарынан асыраушысынан айырылған отбасы балалары жаңа оқу жылында білім алуын еш кедергісіз жалғастыруы үшін мектеп формасымен, қажетті оқу құралдарымен және ыстық тамақпен қамтылатын болады. Балалардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің үнемі бақылауында, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға