Жаңалықтар

Министр БҚО-дағы әлеуметтік арнайы жобамен салынған нысандарды аралады

Министр БҚО-дағы әлеуметтік  арнайы жобамен салынған нысандарды аралады
Фото: ҰЭМ баспасөз қызметі 19.08.2023 21:20 765

БҚО-ға жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі "Ауыл - ел бесігі" шеңберінде іске асырылған жобалардың сапасын бағалады. Аталған бағдарлама бойынша өңірде әлеуметтік нысандар салынып, жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҰЭМ басшысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Аталған нысан 2020 жылы салына басталған. Алайда, құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жұмыс тоқтатылған еді. Жобаның құны - 445 млн. теңге. Бүгінгі таңда жұмыстар 90% орындалған: жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. Нысан әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг (KPO) қаражаты есебінен салынуда. 

Сондай-ақ, ол кентішілік жолдардың ағымдағы жағдайымен танысып, 2019 жылы күрделі жөндеу жүргізілген балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды.

Екі қабатты ғимаратта спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған, кең залдар, киім ауыстыратын және жуынатын жылы бөлмелер бар. Барлық секциялар тегін. Мұнда 1500-ден астам оқушы спортпен айналысады. Жаттықтырушылар әртүрлі спорт түрлерінен Қазақстанның чемпиондарын және жүлдегерлерін тәрбиелеген. 

Ағымдағы жылы "Ауыл – ел бесігі" шеңберінде Батыс Қазақстан облысында 15 жобаны жүзеге асыруға 4,8 млрд.теңге бөліндi.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға