Жаңалықтар

Министр банкті басып алған күдікті туралы: Тергеу амалдары жүріп жатыр

Министр банкті басып алған күдікті туралы: Тергеу амалдары жүріп жатыр
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 18.06.2023 19:45 627

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов бүгін елордадағы Kaspi банк бөлімшелерінің бірінде орын алған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дабыл гранатасы қолданылды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Бәрі аман-сау. Осы банктің 7 қызметкері босатылды. Қылмыскер ұсталды. Қазір онымен тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиға болған жерде тексеру жүріп жатыр, - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Еске салайық, бұған дейін жазғанымыздай, Астанада Kaspi банк бөлімшелерінің бірінде бірнеше кызметкерді кепілге алған 30 жастағы ер адам тұтқындалды.

Оқыс жағдайдан кейін кепілге алушымен бірнеше сағат бойы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов келіссөздер жүргізген. Алдын ала болжам бойынша күдікті ғимарат ішінде 7 адамды кепілге алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға