Жаңалықтар

Министр Айдос Тоғызбаевтың жанұясына көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді
Министр Айдос Тоғызбаевтың жанұясына көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді
Фото: gov.kz 15.11.2022 20:14 1317

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші, марқұм Айдос Тоғызбаевтың отбасына қолдау көрсетіп,  3 бөлмелі пәтердің кілтін сыйлағаны үшін «Азия Фирма» ЖШС бас директоры Сәуле Дускужановаға және облыстық мәслихат депутаты Әсемқан Дускужановқа  алғысын білдірді, деп хабарлайды El.kz.

«Өзімнің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына тұрғын үй сатып алуға қолдау көрсетіп, баға жетпес көңіл мен жылулық сыйлағаныңыз, уақтылы және қажетті көмек үшін шексіз алғысымды білдіремін. Әрқашан көмекке келуге дайын сіз сияқты адамдардың бары екенін білу ғанибет», - деп Юрий Ильин өз алғыс хатында атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға