Жаңалықтар

Министр Әлібек Қуантыров інісінің қызметіне қатысты пікір білдірді

Министр Әлібек Қуантыров інісінің қызметіне қатысты пікір білдірді
Фото: t.me/KZgovernment 12.07.2023 13:48 1010

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Қазатомөнеркәсіп» компаниясына директорлық қызметке тағайындалған інісі Ермек Қуантыровқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет кулуарында журналистер министрден «Ініңіздің лауазымды қызметке тұруына көмектестіңіз бе?» деп сұрады.

Менің інім екені рас. Дегенмен оның қызметіне менің қатысым жоқ. Өздеріңіз білетіндей, ол қызметке тағайындалу жолында заңды процедуралардың барлығын өтті. Ол Колумбиядағы университетті бітірді. Президенттік жастар кадрлық резервінде болды. Ол жерге өту де оңай емес. Өзім де қатысқандықтан, оңай еместігін жақсы білемін. Халықаралық құқық, әділет органдарында тәжірибесі мол. Аталған салада 13 жыл қызмет етті, - деді министр.

Оқи отырыңыз:

Әлібек Қуантыров министр ретінде інісіне жұмысқа тұру жолдары туралы ұсыныс білдірмегенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 5 шілдеде Ермек Қуантыров «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры болып тағайындалған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға