Жаңалықтар

Министр 180 мың теңге алатын өрт сөндірушілердің жалақысы көтерілетінін айтты

Министр 180 мың теңге алатын өрт сөндірушілердің жалақысы көтерілетінін айтты
Фото: t.me/KZgovernment 20.02.2024 12:47 730

Өрт сөндірушілер қанша жалақы алады? Бұл сауалға төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жауап берді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте журналистер «Биыл өрт сөндірушілердің жалақысы көтеріле ме? Бюджеттен қанша қаржы қарастырылған?» деп сұрады.

2023 жылғы 1 қаңтардан жалақы аздап көтерілді. Мысалы, ең төмен жалақы өрт сөндіруші сержантында – 180 мың теңге. Бұл аз екенін мойындаймын. Бұл мәселе біздің министрліктің ойында бар. Жалақыны көтеруге қадам жасап жатырмыз. Қазіргі жағдайда Қазақстанда 18 мыңға жуық өрт сөндіруші бар. Олардың бәрінің жалақысын бір мезгілде көтеру мүмкін емес. Бірақ ақырындап қадам жасаймыз, - деп жауап берді ТЖМ басшысы.

Шыңғыс Әріновтің сөзінше, өрт сөндірушілердің жалақысын көтеруге қанша қаржы қажеттігі туралы есеп жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға