Милад Карими Универсиада чемпионы атанды

 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Милад Карими Қытайда өтіп жатқан Универсиада Ойындарында спорттық гимнастикадан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Спортшы осымен аспанасты еліндегі студенттер ойындарынан үшінші жүлдесіне қол жеткізіп отыр. Ол бағанадағы жаттығулар бойынша үздік атанып отыр. 

Сондай-ақ, отандасымыз еркін жаттығушылар бойынша күміске қол жеткізді. Сонымен бірге, қолды тіреп секіруден үшінші орын иеленді. 

 

Оқи отырыңыз