Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-При жарысының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
10-12 қараша аралығында Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-При кезеңінің жарысы өтіп жатыр. Ерлер арасындағы жекелей сында отандасымыз Михаил Шайдоров жалпы 264.46 ұпай еншілеп, қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл 19 жастағы спортшымыздың мансабындағы үздік ұпай көрсеткіші болып отыр.
Бірінші орынды Франция спортшысы Адам Сяо Хим Фа (298.38) иеленсе, жапондық спортшы Шома Уно (279.98) күміс жүлдегер атанды. Бұл жарыста 12 елдің 57 спортшысы бақ сынаған болатын.
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-При жарысда қола жүлдегері ие болды
Оқи отырыңыз
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі