Жаңалықтар

Михаил Кукушкин Президент кубогы турнирінің екінші айналымына шықты

Михаил Кукушкин Президент кубогы турнирінің екінші айналымына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 25.07.2023 10:09 729

Михаил Кукушкин Астанада өтіп жатқан Президент кубогы үшін ATP Challenger Tour 50 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін ресейлік Евгений Тюрневпен өткізді.

Кукушкин қарсыласын 6:2, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.

Оқи отырыңыз:

Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін үндістандық Дигвиджай Сингх немесе жапониялық Рента Токуданың біреуімен таласады.

Тимур Мәуленов жекелей сында Польша өкілі Филипп Пеливоға есе жіберді - 6:7 (4:7), 1:6.

Тағы бір қазақстандық, 19 жастағы Арысланбек Айтқұлов іріктеу сайыстарының финалында үндістандық Калианда Пуначеге жол берді - 1:6, 3:6.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға