Жаңалықтар

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирді сәтті бастады

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирді сәтті бастады
Фото: Olympic.kz 05.07.2023 12:13 741

Әлемнің 262-ракеткасы, қазақстандық Михаил Кукушкин Блумфилд Хилс (АҚШ) челленджер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 1104-орында тұрған америкалық Кристиан Харрисонмен өткізді.

М.Кукушкин бірінші партияда айқын басымдылық танытты – 6:2. Әйтсе де екіншісінде тай-брейкте есе жіберді – 6:7 (7:9). Дегенмен үшінші, шешуші сетте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:5).

Оқи отырыңыз:

Үш сағат 13 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында М.Кукушкин 5 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 8 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Михаил Кукушкин жүлде қоры 80 мың АҚШ долларына бағаланған доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 218-ракеткасы, франциялық Джованни Мпеши-Перрикармен таласады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға