Жаңалықтар

Мейрамханаларды жалға алу бағасы қымбаттады

Мейрамханаларды жалға алу бағасы қымбаттады
Фото: Shutterstock 20.02.2023 21:45 907

Қазақстанда мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарының арендасы бір жылда ең көп қымбаттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылдың төртінші тоқсанында коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% қымбаттаған. Аренда бағасы ең көп мейрамханалар мен тамақтану орындарына көтерілген.

«Осылайша, қойма, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану пунктерін жалға алу бағасы 4,1% өсті. Көлік жуу пунктерін жалға алу 4,3% қымбаттады, одан кейін тұрмыстық қызмет көрсету, сервис пунктері – 3,8%, валюта айырбастау орындары – 3,4%, сауда үйлеріндегі орындар – 1,9%, паркингтер – 1,5%, әкімшілік кеңсе орындары 1,4% қымбаттады», - делінген статистика мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға