Жаңалықтар

Мейрамбек Беспаевтың көлігін сатып алған жігіт вице-министр болды

Мейрамбек Беспаевтың көлігін сатып алған жігіт вице-министр болды
Фото: Әлеуметтік желіден 28.05.2023 16:55 3657

Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев алғаш мінген шетелдік көлікті сатып алған жігіт кейін оның қандай сәттілікке бастағаны туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

"Хабар" арнасындағы "Алғашқы" бағдарламасында сұхбатқа келген Мейрамбек Беспаевпен әңгіме барысында оның жақын танысы әншінің көлігін 22 жыл бұрын сатып алғанын атады.

"Есіңде ме? 2001 жылы сенің алғашқы көлігің "Мазда 626"-ны мен сатып алып едім ғой. Көліктің нөмірі 333 еді. Тараздан Алматыға көлік алу үшін келгенмін. Сол күні Мейрамбектің үйіне қондым. "Жай келдің бе?" деп сұрады. Жөндім айтып, көлік алмақ ниетімді жеткіздім. Мейрамбек "Базарға барып жүресің бе? Одан да менің далада тұрған көлігімді ала сал" деді. Құны 5 мың АҚШ доллары тұратын. Қалтамда бары 3,5 мың ғана доллар болды. "Ілияс, бұл өте сәттілік әкелетін көлік. Алғашқы көлігімді алғалы бері бағым ашылды.Сенің де жолың болсын" деп сәттілік тілеген еді. Менен кейін оны сатып алған Айбатыр деген жігіт кейін министрдің орынбасары болды", - деді әншінің жақын досы Ілияс.

Сондай-ақ, бағдарламада оның таныстары әншінің алғашқы ашқан жеке бизнесі туралы да айтты. Бірақ кейін Мейрамбек Беспаев шығынға батып, ол нысаннан зорға құтылғанын атады. 

Әншінің өзінің жастық шағында Тоқтар Серіковпен бірге пәтер жалдап тұрғанын, алайда одан шығарып жібергенін атады. 

Тоқтар екеуімізді пәтерден шығарып жіберді. Сол жолы Алтынбек Қоразбаев маған бір бөлмелі пәтерді сыйға тартты. Бұл Алматыдағы алғашқы баспанам еді. Ішінде тұрғындары көп болды. Есігі жабылмайтын үйге айналды. Іссапардан келсем үйде танымайтын біреулер ұйықтап жататын. Олардың көбі достарымның таныстары, жолдан ілесіп келген жақындары болатын. Солай жүре беретін заман еді, - деді Мейрамбек Беспаев. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға