Жаңалықтар

Мейірім Нұрсұлтанов жапон боксшысын нокаутқа жіберді

Мейірім Нұрсұлтанов жапон боксшысын нокаутқа жіберді
Фото: instagram.com/adal_promotions 15.04.2023 14:11 1192

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов жапониялық Кадзуто Такесаконы нокаутқа жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша жерлесіміз WBO International белбеуін қорғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жекпе-жек Инчхонда (Оңтүстік Корея) өтті және бокс кешінің басты оқиғасы болды. Белбеу сарапқа салынған кездесу сегізінші раундта аяқталды.

Бұған дейін қарсыластардың көз түйістіру рәсімі өткенін хабарлағанбыз.

Нұрсұлтанлв кәсіпқой бокста 19 жекпе-жекте өткізіп, соның барлығында жеңіске жетсе, оның 11-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ADAL PROMOTIONS (@adal_promotions)

Жапон былғары қолғап шеберінің еншісінде бұған дейін 15 жеңіс пен 1 тең айқас болды. Ол 14 жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.

Нұрсұлтанов WBO рейтингінде төртінші орында тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға