Әлемнің ең үздік шабуылшылары саналатын Криштино Роналду мен Лионель Мессидің арасындағы текетірес қыза түсті. 2014/2015-ші жылғы Чемпиондар лигасында екі спортшы да 77 голдан соғып, әйгілі Рауль Гонсалестің рекордын жаңартқан болатын.
2015/2016 жылғы Чемпиондар лигасында португалдық сұрмерген Роналду 16 гол соғып алға ұзап кеткен болатын. Алайда биылғы жарыста Лионель Месси екі рет «Hat-trick» жасап (бір матчта үш гол соғып), қарсыласына жақындай түсті. Есеп: Роналдуда 95, ал Мессидің қанжығасында 93 гол.
Ал өз кезегінде UEFA сайты мынадай қызықты мәліметтерді келтіреді:
- Месси гол соққан кезде оның командасы үш-ақ рет жеңілген.
- Роналду 25 ойында екі немесе одан көп гол соққан.
- Месси жеті рет, ал Роналду бес «Hat-trick» жасаған.
- Роналду тек отызыншы ойынында ғана гол салған.
- Екеуі де екі финалда, екі-екі голдан салған.
Сонымен, 100 голға кім бірінші жетеді? Мұны әрине уақыт көрсетеді. Дегенмен, осы жылғы жарыста Месси 10 гол соғып, топ бастап тұр. Біз бір нәрсені анық айта аламыз: екі спортшының өзара бесекелестігі оларды бүгінгінің ғана емес, жалпы футбол тарихының ең үздік футболшылар қатарына кіргізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құлаққапты қалай оңай тазалауға болады?
Келесі жаңалық
«Барыс» сырт айдында жеңіп тұрып жеңіліп қалды