Жаңалықтар

Месси телесериалға түсті

Месси телесериалға түсті
Фото: instagram.com/leomessi 29.06.2023 01:04 790

Лионель Месси аргентиналық Los Protectores телехикаясына түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Интер Майамидің" аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси телехикаяға түсті. Бұл туралы Goal хабарлайды.

Футболшы аргентиналық Los Protectores сериалында эпизодтық рөлге ие болды. Ол екінші маусымның бірінші эпизодында өзін сомдаған. Кадрда шабуылшы футбол агенттерімен келіссөздер жүргізіп, бірнеше жобаға қатысу туралы мәселесі талқыланады.

35 жастағы Месси - "Алтын доптың" жеті дүркін иегері. 7 маусымда ол өзінің мансабын Американың "Интер Майами" клубында жалғастыратыны белгілі болды. Ол бұған дейін ПСЖ-мен Франция чемпионатында екі рет жеңіске жеткен және "Барселонамен" Испания чемпионатында он рет және Чемпиондар лигасында төрт рет жеңіске жеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға