Жаңалықтар

Месси ресми түрде "Интер Майами" MLS клубының ойыншысы атанды

Месси ресми түрде "Интер Майами" MLS клубының ойыншысы атанды
Фото: Transfermarkt 16.07.2023 17:54 885
Екі жыл бойы франциялық "ПСЖ" клубының сапында доп тепкен аргентиналық Леонель Месси АҚШ-тың "Интер Майами" MLS қатарын толықты. АҚШ клубы даңқты футболшымен келісімшарта отырғанын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мессимен жасалған келісімшарт 2025 жылдағы ойын маусымы аяқталғанша жалғаспақ. Алайда футболшының АҚШ чемпионатындағы алатын жылдық табысы әзірге айтылмады. 

"Бұл қадамыма өте қуаныштымын. Бұл - фантастикалық мүмкіндік, өздеріңізбен бірге керемет жобалар түземіз деп сенемін. Жаңа командама үлес қосатын кезеңді асыға күтемін", - деді Месси ресми рәсімнен кейін. 

Биыл 36 жасқа толатын Леонель Месси ұзақ жылдар бойы Испания чемпионатында ойнап, кейін клуб төлейтін табыстың аз болуына байланысты Париждің "Пари Сен-Жермен" команасына ауысқан болатын. Сондай-ақ, былтыр Катарда өткен әлем чемпионатында Аргентина құрамасымен жеңіске жетті.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға