Жаңалықтар

Месси қандай әндер тыңдайтынын көрсетті

Месси қандай әндер тыңдайтынын көрсетті
Фото: instagram.com/leomessi 23.02.2024 11:54 913

Аргентина құрамасы мен АҚШ-тың «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси өзінің плейлистіндегі әуендер тізімін көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аргентиналық бұл туындыларды матчтар алдында тыңдайды екен.

Месси қандай әндер тыңдайтынын көрсетті

Айта кетейік, Месси «Интер Майами» сапын еркін агент ретінде былтыр жазда толықтырды. Осы аралықта ол барлық турнирде 15 матчқа қатысып, 11 гол соқты және алты нәтижелі пас берді.

Клубпен қолданыстағы келісімшарты 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жасалған.

Transfermarkt мәліметінше, оның нарықтағы құны – 35 миллион еуро.

Бұған дейін Месси ПСЖ мен «Барселонада» ойнады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға