Жаңалықтар

Месси ПСЖ-ға деген қарым-қатынасы үшін сынға ұшырады

Месси ПСЖ-ға деген қарым-қатынасы үшін сынға ұшырады
Фото: instagram.com/leomessi 28.08.2023 15:13 670

Франция құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Рио Мавуба Лионель Мессиді «Пари Сен-Жерменге» деген қарым-қатынасы үшін сынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аргентиналық Париж клубынан осы жазда кетіп, «Интер Майами» клубының қатарын толықтырды. Осыдан соң Месси ПСЖ-да өткізген жылдары оңай болмағанын айтқан.

Месси әр сұхбаты сайын ПСЖ-ға тиісіп өтеді. Таңғаламын. Ол ПСЖ-да ойнағысы келмеген шығар, бірақ «Барселона» оған ақша төлей алмаған кезде, дәл осы ПСЖ көмекке келмегенін ұмытпағаны жөн, - деді Мавуба.

Месси ПСЖ сапына 2021 жылы ауысты. Париж клубының сапында ол екі рет Франция чемпионы атанып, Суперкубокта топ жарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға