Жаңалықтар

Месси өзін Құдайға теңейтіндерге жауап берді

Месси өзін Құдайға теңейтіндерге жауап берді
Фото: instagram.com/leomessi 28.09.2023 15:02 501

Футболдан «Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси жанкүйерлерінің өзін құдайға теңейтініне қалай қарайтынын айтты, деп жазады El.kz ақпараттық агенттігі

«Алтын доптың» жеті дүркін иесі өзін Құдай деп айтқанды ұнатпайтынын алға тартты. 36 жастағы шабуылшы мұны асыра сілтеу деп санайды екен.

Бұл ойға қатысты бас қатырмаймын, бірақ бұл маған ұнамайды. Әрине, жанкүйерлердің сені мақтағаны, саған деген құрметін көрсеткені жақсы ғой. Олар бұл ойды арам пиғылмен айтпайтыны да түсінікті. Дегенмен өз басым бұлай деуді тым асыра сілтеу деп санаймын, - деді Месси Sport Bible-ге берген сұхбатында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға