Жаңалықтар

Месси ФИФА-ның сыйлығына ие болды

Месси ФИФА-ның сыйлығына ие болды
Фото: Әлеуметтік желіден 16.01.2024 10:32 667

«Интер Майами» клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2023 жылдың қорытындысы бойынша үздік ойыншыға берілетін ФИФА-ның (Халықаралық футбол федерациясы) сыйлығына ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

The Best FIFA Football Awards марапаттау рәсімі Лондонда өтті. 36 жастағы аргентиналық аталған сыйлыққа осымен үшінші рет ие болып отыр. Мұның алдында Месси ФИФА-ның The Best сыйлығын 2019 және 2022 жылдары алған.

Осылайша, Месси «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналдуды басып озды. Португалиялық 2016 және 2017 жылдары алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға