Жаңалықтар

Месси ауысқалы «Интер Майамидің» барлық матчына билеттер сатылып кетті

Месси ауысқалы «Интер Майамидің» барлық матчына билеттер сатылып кетті
Фото: ©AP/Jose A. 10.06.2023 06:27 616

«Интер Майами» үшін MLS тұрақты чемпионатының аяқталуына 12 ойын қалды. Мессидің америкалық клубтағы дебюті қашан өтетіні әзірге белгісіз, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси ауысқаннан кейін 24 сағат ішінде «Интер Майамидің» MLS маусымының соңына дейін барлық матчтына билеттер түгелдей сатылып кеткен.  

AS басылымы Мессидің жақын досы Серхио Агуэро да билет таппағанын жазды. Ал билет бағасы 3500 долларға дейін сатылған.

«Интер Майами» MLS-тің биылғы маусымында сәтсіз өнер көрсетіп, Шығыс конференциясында соңғы орынға ие болды. 16 матчта команда тек бес рет жеңіске жетіп, 15 ұпай еншіледі.

Месси 7 мамырда Англияның бұрынғы футболшысы Дэвид Бекхэм басқаратын АҚШ-тың «Интер Майами» клубына ауысатынын жариялады.

35 жастағы Месси – «Алтын доптың» жеті дүркін иегері. Аргентина құрамасында Месси әлем чемпионатын (2022), Америка Кубогын (2021) және Олимпиаданы (2008) жеңіп алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға