Жаңалықтар

Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубына ауысты

Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубына ауысты
Фото: twitter.com 08.06.2023 09:00 1026

Бұл туралы тілші Фабрицио Романо жазған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Инсайдер Лео Месси Дэвид Бекхэм басқаратын МЛС-дегі «Интер Майами» клубына ауысатынын мәлімдеді. Көп ұзамай Леоның өзі де бұл ақпаратты растады.

Ол өзінің неліктен Барсаға ауыспағанын да түсіндірді.

Ойыншылардың сатылып немесе айлығы қысқартылатынын естідім. Мен мұндайдан өткім келмейді. Маған Еуропаның өзге клубтарынан да ұсыныс түсті. Бірақ Еуропада «Барселонадан» басқа клубта ойнағым келген жоқ.

Қашан, қалай екенін білмеймін, бірақ болашақта «Барселонаға» тағы пайдам тисе екен, - деймін деді Месси.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға