Жаңалықтар

Месси АҚШ-та зәулім сарай сатып алды

Месси АҚШ-та зәулім сарай сатып алды
Фото: "Интер Майами" клубының баспасөз қызметі 12.09.2023 17:18 689

Америкалық "Интер Майами" клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси АҚШ-та зәулім сарай сатып алды, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі. 

Оңтүстік Флорида жағалауындағы Форт-Лодердейл қаласында орналасқан зәулім сарайдың терезесінен мұхит көрініп тұрады. Мессидің жаңа үйі Майамиден 45 шақырым жерде орналасқан. Ал оның ауданы – 976 шаршы метр. Онда сегіз жатын бөлме, бассейн, жаттығу залы, спа-орталық бар. Құны 10 миллион еуро тұрады екен.

Оқи отырыңыз:

Месси бұл үйді әдейі сатып алған, себебі ол стадионға жақын орналасқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға