Жаңалықтар

Месси АҚШ-та өз рекордын өзі жаңартып жатыр

Месси АҚШ-та өз рекордын өзі жаңартып жатыр
Фото: instagram.com/leomessi 03.08.2023 18:30 809

АҚШ-тың «Интер Майами» клубында өнер көрсететін Аргентина шабуылшысы Лионель Месси жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

36 жастағы шабуылшы Лигалар кубогының 1/16 финалында «Орландо Ситимен» (3:1) өткен кездесуде дубль авторы атанды. Месси осымен екінші матч қатарынан екі голдан соғып отыр.

Осылайша, Лео «»Интер Майами» тарихында екі және одан көп ойында екі гол соққан алғашқы футболшы атанды. Одан қалды Месси америкалық клубта қатарынан екі матчта бір голдан артық соққан бірінші ойыншы.

Бұдан бөлек Мессидің «Интер Майами» сапында үш кездесуде бес гол соққаны да керемет жетістік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға