Жаңалықтар

Месси «Алтын допқа» лайық па? Роналду пікір білдірді

Месси «Алтын допқа» лайық па? Роналду пікір білдірді
Фото: «Барселона» ФК 16.06.2023 06:18 779

«Реалдың» бұрынғы жұлдызы Криштиану Роналду өзінің байырғы қарсыласы «Барселонаның» бұрынғы шабуылшысы Лионель Мессидің биыл «Алтын допқа» қаншалықты лайық екеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, аргентиналық 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, турнирдің үздік ойыншысы атанды.

Месси бұл сыйлықты спорттық принцип бойынша алуы керек. Аргентина әлем чемпионатын жеңіп алды. Ал бұл – футболшылар мен жанкүйерлер үшін басты турнир. Лео мундиальді керемет өткізді, команданың көшбасшысы болды, финалда гол соқты. «Алтын доптың» жеңімпазына қатысты менде ешқандай күмән жоқ, - дейді Роналду Football Espana-ға берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Месси жеті «Алтын доп» иеленіп, рекорд орнатқан.

«Алтын доп» үшін күресте аргентиналықтың басты бәсекелесі – «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд.

67-ші «Алтын допты» салтанатты табыстау рәсімі қазан айының соңында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға