Жаңалықтар

Мерзімді әскери қызметшілерге Тоқаевтың атынан қол сағаттары табысталды

Мерзімді әскери қызметшілерге Тоқаевтың атынан қол сағаттары табысталды
Фото: Қорғаныс министрлігі 19.04.2024 10:50 310

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті тұрғындарға су тасқынына қарсы іс-шараларда көмек көрсетіп жатқан  сарбаздардың еңбегін ерекше атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, мерзімді әскери қызметшілерге ҚР Қарулы күштері Жоғарғы бас қолбасшысының атынан қол сағаттары табысталды. Ал сыйлықты ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Ермиян Бятов табыс етті. 

«Астана» өңірлік қолбасшылығы 31775 әскери бөлімі артиллериялық дивизионы жауынгерлік машинасының оқтаушы жүргізушісі қатардағы жауынгер Илья Кузьмин қатардағы жауынгерден бастап генералға дейінгі қазақстандық әскери қызметшілер осы қиын күндерде жұдырықтай жұмылып, зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмектесіп жатқанын және бұл еліміздің әрбір азаматының борышы екенін атап өтті, - делінген мәліметте.

Марапатталғандардың арасында 31775 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері Сұлтан Асылжан, Николай Гончаров және Бақытжан Қонақбаев бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға