Жаңалықтар

Меркілік тұрғын марихуана дайындағаны үшін қамауға алынды

Меркілік тұрғын марихуана дайындағаны үшін қамауға алынды
Фото: El.kz 20.02.2023 13:39 623

Меркілік тұрғын марихуана дайындағаны үшін қамауға алынды,- деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен 51 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Жеке тінту кезінде оның сөмкесінен есірткі затына ұқсаған екі пакет табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттарға жүргізілген сараптамалар нәтижесінде жалпы салмағы 1 келі 608 грамм болатын кептірілген марихуана екендігі расталды. Күдіктінің кептірілген қарасора жапырақтарын қолымен ұсақтап, жеке қолдану мақсатында есірткі жасағаны анықталды.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлімімен (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға