«Мерейлі отбасы-2024» конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды. Биыл Қазақстанның ең үлгілі отбасы атағына 3369 үміткер қатысуға ниет білдірді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Өтінімдердің басым бөлігі Қарағанды, Жетісу, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматыда қабылданды. Ұлытау, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының тұрғындардың белсенділігі төмен болды.
Өтінімдер тек қатысушылардың атынан ғана берілмеді, 1482 отбасын ұйымдар мен еңбек ұжымдары ұсынды.
Дәстүр бойынша «Мерейлі отбасы» конкурсының марапаттау рәсімі Отбасы күні қарсаңында өткізіледі. Жеңімпаздар 1 миллион теңгеден алады.
Айта кетейік, 2024 жыл – жоба үшін мерейлі жыл. 10 жыл ішінде ұлттық байқауға 20 мыңнан астам отбасы қатысты.
«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсына 3 мыңнан астам отбасы қатысады
Оқи отырыңыз
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?