Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2023» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау аяқталды

«Мерейлі отбасы-2023» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау аяқталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 01.07.2023 23:49 614

3 мыңнан астам жанұя Қазақстанның үздік отбасы атағына үміткер, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өтінімдер тек отбасылардың өздерінен ғана емес, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары, еңбек ұжымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ҮЕҰ және басқа да заңды тұлғалар тарапынан ұсынылды.

Өз кезегінде, «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңінде – 3 228, оның ішінде отбасылардан – 1 918, заңды тұлғалардан – 1310 өтінім тіркелді. Өтінімдердің ең көп саны – Қарағанды (315), Жамбыл (301), Батыс Қазақстан (298), Жетісу облыстарында (224), Алматы қаласында (232).

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы қыркүйек айында Отбасы күні (қыркүйектің екінші жексенбісі) қарсаңында Қазақстанның барлық өңірлерінен үздік шыққан отбасыларға беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына  10 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде конкурсқа 20 мыңнан аса отбасы қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға