Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы - 2022» ұлттық байқауына 2 мыңнан аса отбасы қатысты

Байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтіп жатыр
«Мерейлі отбасы - 2022» ұлттық байқауына 2 мыңнан аса отбасы қатысты
Фото: Ғазиз Шакиров 21.10.2022 17:15 3851

Астанада «Мерейлі отбасы - 2022» ұлттық байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz.

Аталған іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Әйелдер істер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева мерекенің маңызы туралы айтты.

«Мерейлі отбасы - 2022» ұлттық байқауы еліміздегі ең маңызды отбасы мерекесі. Жыл басынан үздік отбасыларды іріктеп, күзде жеңімпаздарды марапаттайтын дәстүріміз бар. Бүгін осы жылдың қорытындысын жариялауға жиналып отырмыз», - деді ол.

Марапаттау рәсіміне қатысу үшін мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Әйелдер істер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері, сондай-ақ барша көрермен қауым жиналды.

Айта кетейік, «Мерейлі отбасы - 2022» байқауына 2014 жылдан бері 20 мыңнан астам жанұя қатысқан. Биылғы өткен байқауға 2542 отбасы қатысқан. Олардың 63,4%-ы ауыл тұрғындары. Әр өңірден жиналған шығармашыл 20 отбасы жеңімпаз атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға