Жаңалықтар

Мерекеге орай көпбалалы аналарға жәрдемақы төленеді

Мерекеге орай көпбалалы аналарға жәрдемақы төленеді
Фото: El.kz 06.03.2023 14:26 1855

8 наурыз мерекесіне орай Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Түркістан, Абай өңірлерінде көпбалалы аналар мен атаулы көмек алатын отбасыларға бір реттік жәрдемақы төленеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бір реттік төлемді жергілікті әкімдіктер өздері белгілейді.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, 11 673 ана, 17 720 теңге көлемінде ақша алады. 

«Көпбалалы аналар және соның ішіндегі табысы аз азаматтарға 2,5 АЕК, 8625 теңгеден, әлеуметтік көмек төлем жүргізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша 30 мыңға жуық ананы қамтимыз деп отырмыз», - деді Әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бөлімінің басшысы Болат Жұмаділ. 

Бұл төлем жәрдемақы алып жүрген азаматтардың шотына автоматты түрде аударылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға