Жаңалықтар

Мереке күндері қандай бағыттарға пойыздар қосылады

Мереке күндері қандай бағыттарға пойыздар қосылады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 29.11.2023 14:17 901

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жолаушылар тарапынан пойыздарға сұраныс еселеп артатынына байланысты қосымша пойыздарды бірнеше бағыттарға қосады, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Tengritravel.kz-ге сілтеме жасап.

Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

  • №201/202 «Нұр-Сұлтан 1-Шымкент» бағытында - 2023 жылдың 15, 29 желтоқсаны және 2024 жылдың 1 қаңтарында елордадан 3 пойыз қатынайды.
  • Шымкенттен - биыл 16, 30 желтоқсан мен 2024 жылдың 2 қаңтарында пойыз жүреді.
  • №203/204 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Алматы 2» бағытында - осы жылдың 15, 28, 29 желтоқсанында және 2024 жылдың 1, 2 қаңтарында Нұрлы жол вокзал кешенінен 5 пойыз жүреді
  • Алматы 2 вокзалынан - 16, 29, 30 желтоқсан және келер 2024 жылдың 2, 3 қаңтарында пойыздар қатынайды.

«Жолаушылар тасымалы» компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, құрам стандартты купе мен плацкарт вагондарынан тұрады.

«Сондай-ақ, №7510/7509 Электр пойызының Астанадан Павлодар бағытында қосымша рейстері қосылады. Пойыз елордадан осы жылдың 15, 29, 30 желтоқсанында, ал кері бағытта - биылғы жылдың 18 желтоқсанында және 2024 жылдың 2 қаңтарында жүреді», - дейді мамандар

Бұдан басқа сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған кезде жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға