Жаңалықтар

Мереке күндері елдегі көлік полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істейді

Бұл қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасалып отыр
Мереке күндері елдегі көлік полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істейді
Фото: polisia.kz 15.12.2022 01:20 876

Мереке күндері елдегі көлік полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті тиімді қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың жолын кесудің уақытылы алдын алу мақсатында Тәуелсіздік күні мен жаңа жылды мерекелеу кезеңінде 15 желтоқсан мен 18 желтоқсан аралығында, сондай-ақ 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында Көліктегі полиция департаментінің жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түріне өтетін болады.

Белгілі болғандай, мереке күндері жолаушылар ағынының бірнеше есе артады.

Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау үшін департаменттің барлық күштері мен құралдары жұмылдырылды. Еліміздің теміржол вокзалдары мен әуежайларында, сондай-ақ жолаушылар пойыздарында полиция нарядтары екі есеге артады. Көлік нысандарында патрульдеу үшін Кинологиялық қызмет орталығының қызметтік-іздестіру иттері тартылады, – деді ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.

Оның айтуынша, орын алған қылмыстарға жедел ден қою үшін департамент пен оның желілік бөлімшелеріндегі кезекші бөлімдердің жанынан күшейтілген жедел-тергеу топтары құрылған. Малыбаев ұшақ бортына оқ-дәрілері, қарулары, пышақтары, электрошокерлері, сондай-ақ от шашулары мен пиротехникалары бар жолаушыларға жол берілмейтінін айтты.

Егер тиісті құжаттар болса, мұның бәрін жүкпен тапсыруға болады. Сондай-ақ ол азаматтарды тасымалдауға тыйым салынған заттардың тізімімен алдын ала танысуға шақырды. Барлық талаптар билеттерде көрсетілген. Көлік полициясының басшысы жолаушылардан қауіпсіздіктің күшейтілуіне түсіністікпен қарауды сұрады, сондай-ақ азаматтардың жеке мүліктерінің сақталуына мұқият болуларын және оларды қараусыз қалдырмауларын еске салды.

Егер сізге қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалса, бірден Көліктегі ПД кезекші бөліміне 942501 телефоны немесе «102» телефоны бойынша дереу хабарлаңыз. Бұл полицейлерге қаскүнемді тез ұстап, қылмысты «ізін суытпай» ашуға мүмкіндік береді, – деді Б.Малыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы темір жолдарының жалпы ұзындығы 21 мыңнан астам шақырымды құрайды. Онда жолаушылар және жүк тасымалдауға арналған 1047 станция және 305 теміржол вокзалы орналасқан. Сондай-ақ 26 әуежай жұмыс істейді. Оның 17-сі халықаралық маңызы бар мәртебеге ие.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға