Жаңалықтар

«Менің шаңырағымның шамшырақтары». Гүлзира Айдарбекова екі келінін мақтады

«Менің шаңырағымның шамшырақтары». Гүлзира Айдарбекова екі келінін мақтады
Фото: Коллаж El.kz 29.01.2024 12:51 4561

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы және кіші келіні жиі іздейтінін және сағынып жүргенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Продюсердің айтуынша, қос келінінің соңғы уақытта өзін жиі іздейді.

Негізі Нұртас балалары мен келіндері, немерелерімен күнде хабарласып отырады. Мен жұмысым болмаса, мүлде хабарласа бермеймін. Бірақ келіндерім соңғы уақытта "Мама, қалайсыз? Сізде бәрі жақсы ма?" деп көп жазып жүр. Сағынып жүргендерін жүрегім сезеді. Іздеп тұрғандары жүрегімді елжіретіп жібереді. Келін жақсы болса, балаларың да жақсы ғой. Анашым "Балам жаман болса да, келінім адал болсын" деуші еді". Өте орынды айтылған сөз екен. Келіндерімнің жүзі жарқын болсыншы. Менің шаңырағымның шамшырақтары, әппақ гүлдері солмасын, - деп жазды продюсер Instagram желісіндегі парақшасында.

«Менің шаңырағымның шамшырақтары». Гүлзира Айдарбекова екі келінін мақтады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға