Жаңалықтар

Менделеев олимпидасында қазақстандық оқушылар жүлдеге ие болды

Менделеев олимпидасында қазақстандық оқушылар жүлдеге ие болды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 07.05.2023 17:57 1142

57-ші халықаралық Менделеев Олимпиадасында қазақстандық 12 оқушы жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі..

Астанада химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасында Қазақстан құрама командасы екі күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.

Күміс жүлдегерлер:

Әлихан Смет– Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;

Инсар Имаш – Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы;

Қола жүлдегерлер:

Бекболат Мамырбеков – Шығыс-Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;

Шәкір Жақсылық– Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

Диас Қоршыбек - мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы;

Кирилл Ким – Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;

Әліби Мұғалім - Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

Айбол Оразалин – Алматы қаласының мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;

Әділжан Молдағұл - Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

Абылай Кабдулхадыр - Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;

Ринат Илюсизов – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

Асанәлі Қали – Қостанай облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

Сонымен бірге, "Теориялық турдағы үздік шешім" номинациясы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрінің арнайы сыйлығымен Астаналық Әлихан Смет марапатталды. Олимпиада жеңімпаздарына еліміздің бес жетекші отандық жоғары оқу орындарынан 17 грант бөлінді.

Астанада өткен химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына 21 елден 116 оқушы қатысқан болатын. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға