Жаңалықтар

«Мен үшін ешқашан бірінші орында тұрмайсың». Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін еске алды

«Мен үшін ешқашан бірінші орында тұрмайсың». Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін еске алды
Фото: instagram.com/sultankyzy 27.10.2023 10:30 31449

Ләйлә Сұлтанқызы «Жедел сұхбат» бағдарламасына берген сұхбатында марқұм күйеуінің үйленер алдында қандай шарт қойғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Тұрмысқа шығар кезде саған қоятын шартым: балаңның тамағы, денсаулығы дұрыс болуы керек. Сен өз міндетіңді дұрыс орында. Содан артылса барып тірлігіңді жаса. Кітап шығарасың ба? Эфир жасайсың ба? Мен жұмысың туралы сұрамаймын. Тура солай сен де менің жұмысым жайлы сұрамайсың. Менің жұмыстан қанша табатынымды, бірінші отбасындағы балама қанша жарататынымды сұрамайсың. Мен үшін ешқашан бірінші орында тұрмайсың. Ескер» деді. Мен қысым ортасында жүрдім дегім келмейді. Менде белгілі ережелер мен шарттар болды, - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға