Жаңалықтар

Мен ешқашан тегін алмаймын. Ақысын төлеймін - Қ.Тоқаев

Мен ешқашан тегін алмаймын. Ақысын төлеймін - Қ.Тоқаев
Фото: Видеодан кадр 27.08.2023 11:10 919

Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасының Астанадағы ауыл шаруашылық көрмесінде қолөнер туындысын ақшаға сатып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесін аралап көрген еді. Екі ел басшылары Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдарының көрме-жәрмеңкесіне барды. Сол жерде тәжік шеберлерінің туындысына Мемлекет басшысы ақысын төледі. 

Мен ешқашан тегін алмаймын! Сатып аламын. Тіпті өзіміздің көрмеден де ақшаға сатып аламын, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Специально для крис п | @kris_p_almata (@kris_p_almata)

Аталған шара аясында концерттік бағдарламалар, түрлі қолөнер және халық кәсіпшілігі бойынша шеберлік дәрістері ұйымдастырылды. Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қонақтары тәжік халқының ұлттық тағамдарының дәмін татып көрді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға