Жаңалықтар

Мемориалға қарап, қаңтар құрбандарын еске алатын боламыз – Алтынбек Қоразбаев

Мемориалға қарап, қаңтар құрбандарын еске алатын боламыз – Алтынбек Қоразбаев
Фото: akorda.kz 23.12.2022 18:04 2749

Алматы қаласында қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалының ашылу рәсімі өтті. Оған қатысты белгілі  қазақстандық композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемориалдың ашылуына Алтынбек Қоразбаев өзі қатысып қайтқан. Жазықсыздарды еске алу үшін мемориалды орналастырып, онда зиялы тұлғалардың сөздерін қою дұрыс қабылданған шешім болды деп есептейді. Стелалардың ақ, қара түсі мен оның жасалу дизайны композитордың көңілінен шыққан.  

«Бүгін мемориалдың ашылу рәсімінде болдым. Ол жерде Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би Әл-Фараби атамыз сынды ұлы тұлғалардың ел туралы жазған әдемі ұлағатты сөздері жазылған стела орналасқан. Оған қарап қаңтар айының құрбаны болғандарды еске алатын боламыз. Келешекте мемориалдың қасына субұрқақ қоятын болады», – деді әнші.

Қазақстандық композитор мемориолдағы әуенді ауыстыру қажеттігі жайлы ұсыныс жасаған. Оны алдағы уақытта өзгертуі мүмкін дейді.

«Мемориалға кіргенде қазақтың бұрыннан келе жатқан халық әні «Елім-ай»  сынды мұңлы әндерді қоюдың керегі жоқ деген ұсыныс жасадым. Құрманғазы оркестрінің сүйемелдеуіндегі сияқты әдемі күңіретініп тұратын әуендерді қойған жөн. Оны келешекте ескеретін болады деп ойлаймын», – деп айтты ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға