Жаңалықтар

Мемлекеттің маңызды факторы - экономиканың жағдайы

Алдағы жылға экономика оптимистік, писсимистік және базалық жоспар бойынша қарастырылып жатыр
Мемлекеттің маңызды факторы - экономиканың жағдайы
Фото: egemen.kz 03.01.2023 11:00 3441

Экономикалық нақты секторларды нығайту қоғамдық өмірдің басқа да салаларына позитив беріп, нәтижесінде жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттырады. Осы ретте El.kz ақпараттық агенттігі 2020-2022 жыл аралығында маңызды деген салалардың даму көрсеткішін зерттеп көрді.

Мемлекет пен халықтың ілгері дамуына бірінші кезекте экономика деңгей әсер етеді. Соңғы екі жылда орын алып жатқан әлемдік өзгерістер мен қақтығыстар Қазақстанның даму көрсеткішінің төмендеуіне әкеп соққаны жасырын емес. Дегенмен уақытылы қабылданған реформалардан кейін экономиканы қалпына келтіру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп, екі жыл ішінде өсімі артты. 2022 жылы экономика өсімі 5%-ға жуықтады. Ал халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту үшін 5-7 пайыздық жылдық өсім керек дейді мамандар. 

Жұмыссыздық және кәсіпкерлік

 Экономикадағы ең басты сектордың бірі – кәсіпорын. Ол мемлекеттің бірінші буыны халық шаруашылығының экономикалық негізі болып табылады. Азаматтық қоғамның табысын арттыру үшін жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуы керек. Мысалға, 2022 жылы Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,9% . Екінші тоқсандағы  жұмыссыздар саны 452 мың адамды құрады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір азайған. Биылдыққа жұмыспен қамтылған халықтың 16,5%-ы - сауда, ауыл шаруашылығымен – 13%, білім беру – 12,8%, 12,5%  – өнеркәсіп қызмет түрлерімен айналысуды бастаған.

Жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесі – 67,8% (6 млн. адам) 29-54 жас аралығындағы адамдар болды.

Мемлекеттің маңызды факторы - экономиканың жағдайы

Жылдық қортындыға сәйкес биылдыққа Қазақстанда тіркелген кәсіпорындар саны - 512 465-ті құрайды, бұл 2022 жылғы мамырмен салыстырғанда 18 782-ге көп. Жоғарыдағы көрсетілген кестеден байқасаңыздар, пандемиядан кейін 2020 жылы бар болғаны 36 286 кісіпорын ашылған. Сондықтан биылғы көрсеткішті жоғары деп тануға болады.

Кәсіпорындар саны ең көп тіркелген экономика салалары жылда бір: көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу, құрылыс және халыққа қызмет қызмет түрлері.

 Бизнес несие

Экономиканы нығайту және өнеркәсіп ашу үшін несие алынады. Бұл бағытта жыл басынан бері көрсеткіш 12,7%-ға өсті. Кәсіп ашуға ниеттенуші азаматтардың көбі Алматылықтар. Алайда мамандар қазіргі минут сайын дамып жатқан заманда қысқа мерзімдік кәсіптерді инвестициялау жөн деп санайды.

Мемлекеттің маңызды факторы - экономиканың жағдайы

Ең көп ипотекалық несие көлемінің өскені ешкімді таң қалдырмасы анық. 2022 жылы қымбатшылық жылы деп танылып, баспана бағасының еселеніп көтерілуінен тұтынушыларда көбейді. Себебі, биыл пәтер жалдағаннан қарағанда, ипотека алу тиімдірек болды.

Салалық инвестиция

Өмірлік маңызды фактор - астық, Қазақстан бұл бағытта импортқа тәуелді. Бұл мәселені шешу жолында мемлекет басшысы 2022 жылы ауыл шаруашылығына ивестиция көлемін арттыруды тапсырды. Нәтижесінде:

Мемлекеттің маңызды факторы - экономиканың жағдайы

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл, орман және балық шаруашылығына негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 599 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 7,5%-ға артық.

Негізгі астықты өңірлер – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары өнеркәсіпке 272,8 млрд теңге жұмсалған, бұл Қазақстан Республикасының ауыл, орман және балық шаруашылығына инвестицияның жалпы көлемінің 45,5%-ын құрады.

Ең көп инвестиция бір-екі жылдық дақылдарды өсіруге - 63% және мал шаруашылығына - 25,2%.

Инфляция

Инфляция 2022 жылғы қарашадағы жылдық есептеуде 19,6%-ды құрады. Азық-түлік бағасы – 24,1%, өзге тауарлардікі – 18,6%, ақылы қызметтердікі – 14,1% өсті.

Азық-түлік тауарларының ішінде қияр – 41,5%, қызанақ – 26,1%, жұмыртқа – 6,7%, пияз – 5,9%, күріш – 3,5%, қаймақ – 3,4%, жаңа піскен жеміс – 3%, тұздалған майшабақ – 2,7%, айран – 2,5%, сүт – 2,4%, кондитерлік өнімдер – 1,6%, ірімшік және сүзбе – 1,5% қымбаттады.

2022 жылдың қазанмен салыстырғанда қарашада азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 1,6% өсті. Дизель отыны – 13,9%, тас көмір – 2,6%, ағаш отын – 1,6% қымбаттады. Жуу және тазалау құралдарының бағасы – 4,1%, жеке пайдаланылатын тауарлар – 2,8%, киім және аяқкиім, ыдыс, тоқыма бұйымдары 1,6% өсті.

Халықаралық валюта қорының мәләметінше жаһандық экономикалық өсім 6%-дан 3,2%-ға дейін баяулайды. Осы ретте мемлекеттегі тұрақталықты сақтап қалу үшін 2023-2027 жылдарға арналған экономиканың даму жоспары оптимистік, писсимистік және базалық жоспар бойынша әзірленіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға