Жаңалықтар

Мемлекеттік жастар саясаты мектебі өз жұмысын бастады

Мемлекеттік жастар саясаты мектебі өз жұмысын бастады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 12.06.2024 20:15 382

Қазақстанда жастармен жұмыс жасайтын мамандарға арналған оқыту басталды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Мемлекеттік жастар саясаты мектебі өз жұмысын бастады. Бүгін Ақтөбе қаласында алғашқы семинар-тренинг өтті. Үш күндік оқыту бағдарламасы лудомания, репродукциялық саулық тақырыптарын қамтиды.

Семинар тақырыбының өзектілігі – 2023 жылдың наурыз айынан бастап жастар саясаты заңнамасына енгізілген өзгерістер. Қатысушылар лудоманияның адам ағзасы мен өміріне әсерімен танысады. Басты назар ойынқұмарлықтыңалдын алу механизмдеріне аударылады.

Сонымен қатар репродукциялық саулық саласындағы сұрақтар халықаралық тәжірибе призмасынан қаралатын болады. Семинар-тренингтер Астана, Тараз және Қарағанды Жастар ресурстық орталықтарында да жоспарланған.

Жалпы 100 маман оқытылады. Оларға БАҚ-пен жұмыс істеу ерекшеліктері және әлеуметтік желілердегі ЖРО-ның орны, ақпараттық технологиялар және тағы басқа тақырыптар айтылады. Бұл тақырыптар сауалнама негізінде және өткен жылғы тәжірибе бойынша ұсынылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға