Виктория Трегубова, журналист, ҚХА-ның «Ұлы даланың Ұлтаралық тілі» форумына қатысушы:
Мектепте оқып жүрген кезімнен бастап қазақ тілінен аудандық, облыстық түрлі жарыстарға қатыстым. Отбасымда 2 ағайындымыз. Үлкен ағам да қазақ мектебін бітірді. Анам метеоролог болып жұмыс жасайды, ал әкем Жамбыл облыстық обаға қарсы станция қызметкері. Әке-шешем қазақша сөйлемейді. Отбасымызда орыс тілінде сөйлесеміз. Кейде ағам екеуміз өзара қазақша сөйлесіп, сырласатынымыз бар. Ауылда бір-ақ мектеп болған соң, үйдегілер бізді қазақ мектебіне берген болар. Бірақ қазір сол үшін ата-анама алғыс айтамын, себебі, біз мемлекеттік тілді жоғары деңгейде білетінімізге мақтанамыз.