pexels.com

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасады

12.06.2025 16:33 1583

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті 2025 жылы дәстүрлі «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

Мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және насихаттау.

Қатысушылар: кәсіби журналистер, телевизия, радио, газет, сайт ұжымдары, мемлекеттік тілдің (қазақ тілінің) өзекті мәселелері жөнінде жарияланым жасаған Қазақстан Республикасының басқа да азамататтары.

Материалдарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 1 қаңтар – 1 шілде

Өтінімдерді қабылдау: Email: baqkonkurs@gmail.com

Өтетін орны: Астана қаласы
Номинациялар:

  • 📰 Үздік мақала
  • 📺 Үздік теле/радиобағдарлама

Жеңімпаздар салтанатты түрде диплом, алғысхат және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.