Жаңалықтар

Мемлекеттік шекарадан жылдам өту үшін арнайы төлем енгізіледі

Мемлекеттік шекарадан жылдам өту үшін арнайы төлем енгізіледі
Фото: Polisia.kz 14.04.2023 16:06 928

Қазақстанда мемлекеттік шекара арқылы жедел өту үшін төлем енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы автокөліктерді, тауар және жүктерді өткізу ережелеріне толықтыру енгізу жөніндегі заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Жоба бойынша, электронды кезек жүйесіндегі санаттар кеңейтілмек.

Электрондық кезектер жүйесіндегі өткізу пунктіне көліктің кіруін тіркеуге қатысты пунктке басым тәртіппен (кезектен тыс) Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген шекара арқылы өткізу ақысының мөлшеріне сәйкес мемлекеттік шекара арқылы жедел өту үшін төлем жасаған тұлғалар (заңды, жеке) санаты қосылды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін электронды кезек жүйесіне тез бұзылатын және қауіпті жүктер, нысан бойынша тауарларға декларация болған кезде, сондай-ақ экспортқа шығарылатын тауарлар, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген уәкілетті экономикалық операторлардың арнайы рұқсаты болған кезде ғана тіркелген немесе Президент әкімшілігі мен Қаржы министрлігінің бұйрығымен кезексіз өтуге мүмкіндігі бар еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға