Жаңалықтар

Мемлекеттік сатып алу заңына өзгеріс керек - Ғалым Ахмедияров

Мемлекеттік сатып алу заңына өзгеріс керек - Ғалым Ахмедияров
Фото: «Астана-Опера» мемлекеттік опера және балет театрының баспасөз қызметі 02.06.2023 15:47 406

"Астана опера" театрының директоры Ғалым Ахмедияров мәдениет саласындағы мемлекеттік сатып алуға қатысты қандай кемшіліктер барын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда Қазақстан театрлары үшін сахнаға керек жарық, дыбыс, бейнежабдықтарын және осы жабдыққа қызмет көрсету жұмыстарын сатып алу біршама қиын. Бұдан бөлек театр сахнасына арналған қатты декорациялар мен дауыс көтергіш механизмдерді дайындайтын кәсіпорындар жоқ. Гримдеу бұйымдары, балетке аяқ киімдер және спектакльге керек көптеген басқа заттар шығарылмайды. Бұл айтылғанның бәрі таң шеңберлі кәсіби бағыттағы ерекше тауарлар, - дейді Ғалым Ахмедияров.

Ол Қазақстанда қажетті жабдықтарды өткізетін нарық болмай отыр деп айтты. Соған байланысты отандық кәсіпкерлер аталған тауарларын алуға ынталы емес және олардың осындай қызметтерді көрсетуге арналған жабдығы да, тәжірибесі де жоқ екен. Осыған орай мұндай тауарлар мен қызметтерді шетелден іздеуге тура келеді. Кейін олардан бір көзден алу бойынша шарт жасау керек дейді.

Сондай-ақ авторлық құқық бойынша қиындықтар бар. Бұларға опералар мен балеттер, концерттік шығармалар орындауға арналған ноталар жатады. “Мемлекеттік сатып алу” туралы заңның 41-бабының 2-тармағы өнім берушіні айқындауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шартты веб-портал арқылы жасауды талап етеді. Бұл редакция бойынша өнім берушілер осы порталға тіркелуі тиіс, - дейді театр директоры.

Ол заңды тұлғаны ҚР салық төлеушісі ретінде тіркеу үшін бирезидент өнім беру үшін БСН және ЭЦҚ болуы қажет деп айтты. 

Алайда, мәдениет ұйымдары бір мәселеге тап болды. Бирезидент өнім берушілер осы рәсімдерді жасауға және мемлекеттік сатып алуға қатысуға мүдделі болмай отыр. Осы айтылғанды ескере отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталын қолданбай-ақ өнім берушіні таңдау мүмкіндігін беру арқылы бирезидент өнім берушімен шарт жасау рәсімін қосымша пысықтау қажет. Ол үшін заңдағы 41-баптың редакциясын 2-3-тармақтарын “бір көзден алу тәсілін мемлекеттік сатып алу кезінде бирезидент өнім берушілерге таралмайтын тармақпен толықтыруды ұсынамын, - деді Ғалым Ахмедияров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға