Жаңалықтар

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздіктің нышаны

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздіктің нышаны
Фото: El.kz 04.06.2023 13:35 938

Қазақстанның басты нышандарының бірі мемлекеттік рәміздер. Оған Ту,Елтаңба, Әнұран жататынгын бәріміз білеміз. Ал осы рәміздерімізді насихаттау жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр? Ұлттың тектілігін, тұрақтылығын, тәуелсзідгін білдіретін мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімі жастар арасында қандай? Міне осы тақырып қазіргі таңда күн тәртібінен түспейтін тақырыптардың бірі болмақ.

Өздеріңіз білетіндей, 4-маусым «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні» болып белгіленген. Осы 4- маусым күн бүкіл еліміз бойынша ту көтеріліп, әнұран орындалып, жастар патриоттығын білдіреді. Ал бесінші маусым күні өкінішке орай ұмытыла бастайды. Жалпы алғанда Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығында мемлекеттік Туымыз әлемнің байрақты спорт бәсекелерінде 5 мыңнан астам рет көтеріліп, әнұранымыз шырқалса, Елтаңбамыз әлемдік рейтінгте «Ең әдемі герб» атауына ие екенін біле бермейтіндер көп. Ең алғаш туымызды ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа алып шықса, ғарышкер Айдын айымбетовпен бірге жер әлемді 150 рет айналып шыққаны бар. Сонымен қатар әлемнің Эверест сынды ең биік шыңына тігілген туымызды мақтан тұтутға тұрарлық. Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков ағамыз Өзбекстан елінде жүргенде мемлекеттік рәміздерге арналған байқау жарияланғанын естіп, бір ай көлемінде әзірлеп шыққан туындысын «Камаз» автокөлігімен шекарадан түнделетіп өткізгенін кім біледі? 700-ден астам туындының ішінен мемлекеттік комиссияның шешімімен жеңіп шыққан Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов ағаларымыздың біріккен туындысы 32 жыл бойы Қазақ елінің төрінде ілініп, тәуелсіздігімізді, тұтастығымызды айшықтап тұр.

Ал мемлекеттік туға келер болсақ, оның авторы Шәкен Ниязбеков ағамыздың 1980 жылдары шамасында «Волга» автокөлігін ойлап тапқан Кеңестік конструктарлардың бірі болғанын, 1980 жылдардың аяғында адамның дене жылуымен қатар айналатын компьютер ойлап тапқан әлемдік деңгейдегі ғалым болғанын біреу білсе, біреу білмес. Кейіннен жапондар пәтенттеп алып Шәкен атамыз соттасып жүріп қайтарған деседі. Ал әнұранымыз «Менің Қазақстанымның «1986 жэылғы желтоқсан оқиғасын да қазақ жастарының әнұранына айналып кеткенін білеміз. Әділдік пен азаттықты аңсаған ағаларымыз Алматы көшесінде желтақсанның ызғарына қарамастан қол ұстатысып «Менің Қазақстанымды» шырқап тұрған сәті тарихи деректерде көрсетілген.

Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған айлықтар жүргізілмейді. Жақын арада мәдениет және спорт министрлігі «Патриоттар форумы» атты дәстүрлі шараны өткізеді. Бір реткі шараға қырық миллионнан астам мемлекет қаржысын жұмсап отырған шарадан тиімділік бола ма? Осыдан біраз бұрын мен басқарған «Геральдикалық зерттеулер орталығы» Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап істері Комитетіне «Бір ту, Бір ел» жобасын ұсынған еді. Жобаның мақсаты мемлекеттік рәміздерді жастарға насихаттау. Өңірлерді аралап, Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлымен бірлесіп жыл бойына жұмыс жасау жоспары да болып еді. Өкінішке орай, министрлік тарапынан қолдау білдірілмеді.

Өткен жылдан бері мемлекеттік рәміздерімізді қорлау фактілері көптеп кездесті. Әсіресе жастар арасында кеңінен насихат жұмыстары жүргізілмегендіктен ҚР «Әкімшілік Кодексінде» ҚР Мемлекеттік рәміздерін қорлағаны үшін 10 млн тенгеге дейін айыппұл салынатынын біле ме екен? Құзырлы органдар өздерінің сайттарында немесе «Әділет» заңдар жинағы базасына жариялағанмен ешкім оны оқып танса қоймасы анық. Қазіргі таңда ел жастарының 90% астамы «Тик-ток», «Инстраграмм» желсінде отыратындықтан негізгні насихат жұмыстарын осы саладағы жас мамандармен бірлесіп жүргізу қажет деген пкірдеміз.  Ұлтын, елін, рәміздерін сыйламаған жастардың болашағы бұлыңғыр. Ел тізгінін ұстайтын ел жастарының мемлекеттік рәміздерін сыйлап, құрметтеуі керек. Біздің мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері де мемлекеттік рәміздерді орналасу тәртіптерін білмейді. Мысалға миллиардтан астам халқы бар Қытай елі бір тумен ғана бүкіл халқын ұстап отыр. Мемлекеттік рәміздерді насихаттауда Түркияны мысалға алуға болады. Түркияның туы қоғамдық орындарда, асханаларда, автокөлік жөндеу станцияларында ілінген. Яғни, халықтың мемлекеттік туды қалағанынша қолднауына жол ашқан. Өз саясатында түрлі партияларға бөлініп, қырық жамау боолып жүрсе де, Түркітің туы көтерілгенде барлық түркиялық бауырларымыз біріге қалатынын білеміз. Міне бізге осындай деңгейге жетуіміз керек. Ол үшін тыңғылықты жоспар, мықты мамандар керек. Ондай мамандар баршылық. Өкінішке орай, Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған мемлекеттік бағдарлама жоқ. Тоқсан сайын бірнеше жиналыс өткізгенмен одан жеткен жетістігімз шамалы. Сондықтан да еліміздің болашағы жарқын, жастарымыз жалынды патриот болсын десек, мемлекеттік деңгейде ауқымды іс-шараларды жоспарлап, қаржы бөліп насихаттау жұмыстарын жүргізу керек. Өкінішке орай, Кеңестік семинар, симпиозум, форум, конференциялардың форматы өткелі қашан? Кез-келген мемлекеттік маңызды жұмыстардың форматын өзгерту керек.  Жастардың өзін басшы етіп жүйелі жұмыс жүргізсе нәтижесі болары анық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға